ruenkz

Әлемдік авиатасымалдарға сұраныс қайтадан өсе бастады

Салынған уақыты 15.07.2021 10:07

Халықаралық және ішкі авиатасымалдарға сұраныс 2021 жылғы мамырда сәуір айымен салыстырғанда өсті, бірақ жолаушылар айналымы COVID-19 пандемиясына дейін белгіленген деңгейден айтарлықтай төмен деп хабарлайды халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтері Kursiv.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасай отырып.

IATA пандемияға байланысты туризмге қойылған шектеулер халықаралық әуе тасымалына айтарлықтай кедергі келтіргенін атап өтті. Ағымдағы жылғы мамырда жолаушылар айналымы жалпы алғанда дағдарысқа дейінгі кезеңге, яғни 2019 жылғы мамырға қарағанда 62,7% ға төмен болды. Салыстыру үшін: сәуір айында бұл көрсеткіш екі жыл бұрынғыға қарағанда 65,2% төмен болды. Азияны қоспағанда, барлық өңірлерде жағдайдың жақсарғаны байқалады.

IATA ағымдағы жылдың көрсеткіштерін 2019 жылдың деңгейімен салыстыра отырып,                           2019 жылғы ақпанмен салыстырғанда көрсеткіштің ең көп өсуі Африкада (42,3%), Солтүстік Америкада (17,1%) тіркелгенін айтады, ал Таяу Шығыс көрсеткіші 8,7%, Азия-Тынық мұхиты өңірінде 7,1% және Еуропада 4,7% көтерілген. Көрсеткіштің төмендеуі Латын Америкасында орын алып отыр және ол 18,4% құрады.

2559