ruenkz

Түркістаннан Талдықорғанға және Ақтөбеге рейстер ашылады

Салынған уақыты 14.07.2021 15:07

Қазақстанда субсидияланатын әуебағыттар бойынша рейстер саны ұлғайтылды және жаңа бағыттар ашылды, - деп хабарлайды ҚР ИИДМ-нің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. 

Шара көліктік қолжетімділкті арттыру және ішкі туризмді дамыту мақсатында жүзеге асырылады. 

Түркістан қаласының әуежайынан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс аясында Ақтөбе (тарифі 20 000 теңге) және Талдықорған (16000 теңге) қалаларына тұрақты рейстерді әр бағытта 2 рейс жиілігімен ашу жоспарланған. Рейстер "CRJ2" және "Б-737" әуе кемелерінде орындалатын болады.

Сондай-ақ, "SCAT" авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан - Талдықорған бағытында субсидияланатын рейс ашылады деп күтіледі. Рейстер "Б-737" әуе кемелерінде орындалатын болады.

2925