АҚШ-та багажды кешіктіргені үшін жолаушылардың ақшасы қайтарылатын болады
Салынған уақыты 13.07.2021 15:40
Tengritravel.kz хабарлағандай, енді АҚШ Көлік министрлігі авиакомпаниялардан жолаушылардың багажын кешіктіргені үшін ақшалай алымдарды өтеуді талап ететін болады. Тіркелген багаж үшін жолаушыларға ақшаны авиакомпаниялардың қайтаруы туризм саласында жоспарланған шаралардың бір бөлігі болады.
Егер жолаушыға багажды ішкі рейстермен ұшып келгеннен кейін 12 сағат ішінде және халықаралық маршруттармен ұшып келгеннен кейін 25 сағат ішінде жеткізбесе, авиакомпаниялар багажды кешіктіргені үшін төлемді қайтаруы керек. Айта кететін жәйт, АҚШ-тағы авиакомпаниялардың көпшілігі багажды тексергені үшін жолаушылардан алым алады. Ол бірчемодан үшін 30 доллардан (12 800 теңге) басталады. Қазақстанда багажды тасымалдау әдетте авиабилеттің құнына кіреді.
Тиісті жарлыққа қол қойылғаннан кейін ол көлік саласндағы шенеуніктеріне жіберіледі. Bloomberg басылымының деректері бойынша багажды кешіктіргені және жұмыс істемейтін Wi-Fi үшін ақшаны қайтарумен қатар, ұшу кезінде орын мен сервисті алдын ала таңдау бойынша қызметтерді сапасыз көрсеткені үшін ақшаны қайтарғызу жоспарлануда.
2725