ruenkz

Милан мен Алматы арасында тұрақты рейстер ашу жоспарланып отыр

Салынған уақыты 12.07.2021 16:33

6 шілдеде Neos Air авиакомпаниясының ұшағы Миланнан Қазақстанға ұшып келді. Алматы әуежайында оны дәстүрлі түрде салютпен қарсы алды деп хабарлайды Kursiv.kz.

Алғашқы рейспен Италиядан Қазақстанмен танысу және одан әрі ынтымақтастық пен туризмді дамыту мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында итальяндық кәсіпкерлер мен туроператорлар делегациясы келді.

Алматыда болған кезде делегация Италия мен Қазақстан арасындағы екіжақты іскерлік, туристік және мәдени қатынастарды дамыту мақсатында, сондай-ақ 2022 жылы Алматыда бірінші итальяндық мәдениет институтын ашу жоспары үшін жергілікті әріптестерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізеді.

220