ruenkz

Сауд Арабиясында Екінші ұлттық авиакомпания пайда болуы мүмкін

Салынған уақыты 09.07.2021 08:55

 «Интерфакс-Қазақстан» АL-Мonitor порталына сілтеме жасап хабарлағандай, Сауд Арабиясы үкіметі екінші ұлттық авиакомпанияны құруды жоспарлап отырғанын жариялады. Кешенді стратегия Сауд Арабиясын үш құрлықты байланыстыратын жаһандық логистикалық орталық ретінде ұсынуға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа авиакомпания құру корольдікке туризм, қажылық және умра сияқты саяхат түрін дамытуға көмектеседі.

Екінші авиакомпанияның пайда болуымен межелі пункттердің санын 250-ден астамға дейін арттыру, сондай-ақ жүк әуе тасымалдары секторында жаңа мүмкіндіктерді қосу, көлемді жылына 4,5 млн.тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жаңа авиакомпания халықаралық туристер мен іскери саяхатшыларға қызмет көрсетеді деп күтілуде, ал Джеддада орналасқан Saudia корольдігінің жетекші авиакомпаниясы діни туризмге қайта оралады деп болжанып отыр.

2546