Vietnam Airlines қаржылық құлдыраудан құтылатын жол іздеуде
Салынған уақыты 07.07.2021 09:25
Вьетнамдық ұлттық тасымалдаушы Vietnam Airlines жергілікті банктерден 4 триллион вьетнамдық донг (174 миллион доллар) несие алды. Бұл тасымалдаушыны қаржылық дәрменсіздіктен құтқара алады.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, үш банк (Vietnam Maritime Commercial Joint Stock Bank, Saigon — Hanoi Commercial Joint Stock Bank және SeABank) қажетті соманы маусым-шілде айларының соңында беруге келіскен. 2021 жылдың I тоқсанында Vietnam Airlines 5 трлн донг (218 млн доллар) көлемінде шығынға ұшырады, және COVID-19-бен байланысты дағдарыс салдарынан болған жалпы шығын 14 трлн (609 млн.) донгты құрады.
Шекаралардың жабылуына байланысты авиакомпания қалыпты жағдайда пайда әкеліп отырған халықаралық сегменттен айырылды. Vietnam қолда бар ресурстарды ішкі нарыққа ауларды, бірақ жергілікті лоукост-тасымалдаушылар тарапынан күшті бәсекелестікке тап болды.
2487