ruenkz

Қазақстандық авиакомпания америкалықтар әзірлеген жолаушыларға қызмет көрсету жүйесін енгізуде

Салынған уақыты 01.07.2021 08:50

Қазақстандағы ең ірі авиатасымалдаушылардың бірі SCAT және америкалық туризм индустриясындағы технологиялар мен бағдарламалық қамтылым жеткізушісі Sabre Corporation компаниясы стратегиялық әріптестік туралы келісім жасасты, оған сәйкес ірі жеке қазақстандық тасымалдаушы SabreSonic (PSS) жолаушыларға қызмет көрсету жүйесіне көшеді, сондай-ақ табысты барынша арттыру үшін Sabre Commercial Platform платформасын пайдаланатын болады деп хабарлайды АТО.

«Туризм саласы үшін жаңа жағдайларда икемді болу әрі клиенттерге қажетті уақытта және дұрыс тұрғыдан жеке ұсыныстар жасау өте маңызды. Sabre-мен жасалған келісім – біздің стратегиямыздың маңызды негіздерінің бірі. Оның арқасында біз броньдаудың заманауи технологияларына, кірісті интеллектуалдық басқаруға, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер ашуға, жолаушыларға қызмет көрсетудің үздік деңгейін қамтамасыз етуге және пайданы барынша арттыруға мүмкіндік беретін кеңейтілетін платформаны қолдануға қол жеткіземіз», - деп атап өтті SCAT авиакомпаниясының президенті Владимир Денисов.

Келісім аясында SCAT, сонымен қатар, Sabre Revenue Optimizer енгізеді. Әзірлеушінің ауйтуы бойынша ол тасымалдаушыларға күрделі нарық жағдайында максималды кіріс алуға көмектеседі. COVID-19-ға дейін авиакомпаниялардың бағасы мен өткізу қабілеті броньдау мен баға туралы тарихи деректердің көлеміне негізделген. Пандемия сұраныс пен ұсыныста бұрын-соңды болмаған өзгеріске әкеліп соқты, соның салдарынан бұл деректердің маңызы да болмай қалды. Revenue Optimizer қазақстандық авиакомпанияға нақты уақыттағы нарықтық белсенділік туралы ең соңғы деректерді пайдалана отырып, өзгермелі ортаға бейімделуге көмектеседі.

 

2737