Әлемдегі ең үлкен ұшақ екінші рет әуееге көтерілді
Салынған уақыты 30.06.2021 09:24
Әлемдегі ең үлкен ұшақ саналатын Stratolaunch екінші рейсін жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ірі әуе кемесі Калифорния штатындағы Можавадағы аэроғарыштық порт алаңынан аспанға көтерілді.
Stratolaunch Model 351 ұшағы авиациялық-ғарыш жүйесінің жобасы аясында жасалған және авиация тарихындағы қанатының құлашы 117 метр және ұзындығы 73 метр ең үлкен машинаның массасы 250 тоннаға тең, ал максималды жүктемесі шамамен 590 тоннаны құрайды. Биіктігі – 15,2 метр. Ұшу-қону жолағы бойынша қозғалысты 28 доңғалақты шасси қамтамасыз етеді. Ұшақ Boeing 747 ұшағына орнатылған алты Pratt & Whitney қозғалтқышымен жабдықталған және 226 тонна жүкті әуеге көтеруге қабілетті.
3047