ruenkz

Emirates Авиакомпаниясы 30 жылда алғаш рет шығынға ұшырады

Салынған уақыты 28.06.2021 09:28

Таяу Шығыстағы Emirates авиакомпаниясы 2020 жылдың қаржылық нәтижелері туралы есеп берді. Дубайдағы авиациялық топ үш онжылдықта алғаш рет шығынға ұшырап отыр. Нәтижелерге түсініктеме бере отырып, Emirates басшысы нарықтың басқа қатысушыларына қарағанда, пандемиядан кейін тезірек қалпына келу үшін авиакомпанияның ішкі ресурстары мен тұрақты пайдасының жеткілікті екенін атап өтті.

Шейх Ахмед бин-Саид аль-Мактум, Emirates бас директоры және топтың (оған авиакомпаниядан басқа, dnata жер үсті қызметтерін көрсетуші кіреді) төрағасы әуе тасымалдаушысы «асымалдау қуатын пайдалануды мүмкіндігінше тезірек қалпына келтіруге» ниетті екенін атап өтті.

2450