ICAO вакцинацияны тексерудің техникалық шарттарын жасады
Салынған уақыты 25.06.2021 17:08
ICAO халықаралық азаматтық авиация ұйымы жолаушының COVID-19 қатысты денсаулық статусын (талдау нәтижелері, вакцинация және т.б.) сақтауға және тексеруге арналған бар-код болып табылатын цифрлық мөр (visible digital seal, VDS) деп аталатын техникалық шарттарды (ерекшеліктерді) жариялады деп жазады ATO порталы.
Жаңа VDS сипаттамалары жолаушының денсаулық жағдайын тексерумен байланысты процестердің тиімділігін арттыруға және алаяқтыққа жол бермеуге көмектеседі. VDS штрих-кодтары қағаз түрінде берілуі немесе құрылғы экранына шығарылуы мүмкін және оны шекаралық бақылау өкілдері немесе басқа қызметтер оқи алатындай болу керек. Технология өзіне өзі қызмет көрсету дүңгіршектеріне де жарамды.
VDS қолдану жөніндегі нұсқаулық ICAO-ға қатысушы елдердің белсенді араласуымен жасалды және ICAO Кеңесінің авиацияны қалпына келтіру жөніндегі жұмыс тобы (CART) 2021 жылғы наурызда мақұлдады. ICAO алдағы бірнеше аптада VDS-ты қолдану туралы ақпаратты ұлттық басқару органдарына мәлімдеу және алғашқы іске қосу кезеңдерінде көмек көрсету үшін бірқатар аймақтық вебинарлар өткізбекші.
2575