Boeing 737max-10 алғашқы рет әуеге көтерілді
Салынған уақыты 25.06.2021 08:47
Қайта қалпына келтірілген 737max тобының ең сыйымды өкілі Boeing 737max-10 ұшағы 2,5 сағатқа созылған алғашқы сынақ ұшуын орындады. B-737 бұрын-соңды жасаған ұшақтардың ішіндегі ең ұзын фюзеляжді ұшағы Рентондағы (Вашингтон, АҚШ) Renton Field әуеайлағынан әуеге көтерілді.
Корпорация B-737max-10 20 ай бойы MAX тобындағы әуе кемелерін тоқтатуға мәжбүр болған компанияны қалпына келтірудің жалпы стратегиясында ғана емес, сонымен қатар әуе кемелері нарығында кең тар фюзеляжды Airbus A321neo ұшағымен бәсекелістік күресте де маңызды рөл атқарады деп күтеді. MAX-қа қатысты болған кейбір техникалық және реттеуші проблемалар мен COVID-19 пандемиясынан туындаған шектеулерге байланысты «ондық» бағдарламасы бастапқы кестеден шамамен үш жыл артта қалып отыр.
Сертификаттау талаптары қайта қаралғаннан кейін Boeing ұшақтың контсрукциясының модификациясына өзгертулер енгізіп, бағдарлама кестесін өзгертуге мәжбүр болды: пайдалануға беру 2023 жылға дейін кейінге қалдырылды. Екі кластық үлгідегі ұшақ 204 жолаушыны орналастыруға арналған, ал монокомпоновкада 230 жолаушыға дейін сыяды. Оның шу деңгейі 50%-ға төмен, ал CO2 шығарындылары алдыңғы буындағы Boeing 737ng ұшақтарымен салыстырғанда 14%-ға төмендеді.
2495