Boeing пен Airbus арасындағы сауда дауы аяқталды
Салынған уақыты 24.06.2021 09:05
АҚШ пен Еуропалық Одақ өздерінің ең ірі әуе өндірушілері - Boeing пен Airbus компанияларына арналған субсидиялар туралы 16 жылдық дауды шешті деп хабарлайды «Капитал» жаңалықтар порталы (Ведомости дереккөзіне сілтеме жасап). Тиісті шешімді Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен және АҚШ президенті Джо Байден Брюссельде өткен АҚШ-Еуропа саммитінде қабылдады.
Екі ірі әлемдік авиатасымалдаушылар арасындағы дау 16 жылдан астам уақыт бойы жалғасып келеді. Boeing Airbus-ты еуропалық үкіметтерден арзан несие алды деп айыптап, бәсекелестің ұшақтарына 100 пайыздық баж салығын енгізуді талап етті. Еуропалық компания Boeing Вашингтоннан қорғаныс келісімшарттары мен салықтық жеңілдіктер түрінде көмек алады деп мәлімдеді.
ДСҰ екі компания да субсидияларды заңсыз алады деген қорытындыға келді. Алайда, ол бірінші болып Airbus компаниясына қатысты істі қарауды аяқтап, Вашингтонға 2019 жылдың қазан айында жалпы сомасы 7,5 миллиард доллар болатын еуропалық тауарларға баж салығын салуға рұқсат берді. 2021 жылдың сәуірінде АҚШ пен ЕО осы мәселе бойынша дау-дамайға байланысты өзара баж салығын алты айға тоқтатуға келісті.
2422