ruenkz

ҚАРАҒАНДЫДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН КОМАНДАЛЫҚ ЕЛ БІРІНШІЛІГІ АЯҚТАЛДЫ

Салынған уақыты 22.06.2021 09:11

Қарағандыда үстел теннисінен жоғары лигада Қазақстанның ашық командалық чемпионатының бірінші кезеңі аяқталды.

Жоғары дивизионда 19 команда қатысты, олардың ішінде Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан спортшылары бар. Біздің «Қазаэронавигация» командасы 1-орынға ие болды және 19 кездесуде 19 команданы жеңіп, Суперлигаға жолдама алды.

«Біз ауызбіршіліктің, жемісті жұмыстың және басшылық тарапынан, яғни бас директор Азат Ғаббасұлының қолдауының арқасында жеңіске жеттік. «Қазаэронавигация» РМК спортпен айналысу үшін барлық жағдай жасалған, соның ішінде мамандандырылған үстел теннисі залы бар ұйымдардың бірі болып табылады» - деп ойымен бөлісті команда капитаны Биятов Ахметбек.

244