ruenkz

2021 жыл – авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылы

Салынған уақыты 21.06.2021 08:49

ИКАО Ассамблеясының 40-сессиясында қабылданған Ассамблеяның қарарында авиациядағы авиациялық қауіпсіздіктің берік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Ассамблея Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) авиациялық қауіпсіздік туралы хабардарлықты арттыру және авиациялық қауіпсіздік мәдениетін нығайту құралдарын әзірлеуді жалғастыруды ұсынды, бұл жұмысты басымдыққа айналдырды және 2020 жылды ИКАО қамқорлығымен авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылы деп жариялады. Алайда, COVID-19 пандемиясының авиацияға айтарлықтай әсерін ескере отырып, 2020 жылы ИКАО Кеңесі 2021 жылы авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылын өткізу туралы шешім қабылдады.
Авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылын табысты өткізу үшін бірлескен жаһандық күш-жігер талап етілетіндіктен, мүше мемлекеттерге осы саламен және азаматтық авиацияның басқа да ұйымдарымен ынтымақтастықта қызмет бағыттарын қолдау ұсынылды.
Осыған байланысты “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласы өкілдерінің қатысуымен “2021 жыл – авиациялық қауіпсіздік мәдениеті жылы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Конференция Алматы қаласы ИКАО авиациялық оқу орталығы базасында өткізілді.
Аталған шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің, Азаматтық авиация академиясының, «Қазаэронавигация» РМК,  авиациялық қауіпсіздік жөніндегі авиациялық оқу орталықтарының өкілдері, әуежайлар мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі әуе компаниялардың бірінші басшыларының орынбасарлары, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жауапты тұлғалар қатысты.
Конференция ИКАО-ның жаһандық жоспарын түсіндіру және қолдау және азаматтық авиацияда авиациялық қауіпсіздік мәдениетін енгізу және дамыту құралдары бойынша авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу мақсатында өткізілді.
Бұл шара салаға авиациялық сектордағы қауіпсіздіктің маңызды рөлі туралы хабардар болуды арттыруға көмектесуге және барлық персоналдың, оның ішінде қызмет көрсетушілер мен кең авиациялық қоғамдастық мүшелерінің қауіпсіздік тұрғысынан әрекет етуіне қолдау көрсетуге арналған.

191