IATA жақын арада саяхатшының сандық төлқұжатын іске қосады
Салынған уақыты 17.06.2021 08:50
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA Travel Pass) жолаушы сандық төлқұжаты «алдағы апталарда» іске қосылады деп хабарлады IATA бас директоры Вилли Уолш. 60-қа жуық әлемдік авиакомпания Travel Pass платформасын тестілеуге қатысып жатыр және қазірдің өзінде 60 мыңнан астам жолаушы қосымшаны пайдаланып үлгерді деп хабарлайды АТО.
IATA Travel Pass – бұл вакцинацияны немесе COVID-19 тест нәтижелерін растайтын құжаттарды сақтауға және басқаруға арналған мобильді қосымша. Қауымдастық бұл бағдарлама халықаралық вакцинация сертификаты немесе Prophylaxis сертификаты сияқты денсаулық сақтау талаптарына сәйкестігін растауға арналған қолданыстағы қағаз құжаттарға қарағанда қолдан жасауға келмейді және тиімдірек деп санайды. Бұл өте маңызды, өйткені пандемия үдеген сайын COVID-19 тестілері мен вакцинацияны тексеру ауқымы да үлкен болмақ.
Халықаралық жолаушылар ағыны қазір айтарлықтай төмендеп тұрғанның өзінде вакцинация туралы қағаз құжаттарды немесе жолаушы денсаулығының басқа мәртебесін тексеру бірқатар әуежайларда паспорттық бақылау барысын айтарлықтай кідіртеді. Сонымен қатар, соңғы айларда әртүрлі елдердегі құқық қорғау органдары жалған вакцинация сертификаттарын сатумен байланысты қылмыстық істердің қозғалғаны туралы бірнеше рет есеп берді. Кейбір әуежайларда мұндай сертификаттар терминалға кірген кезде сатылып жатты.
2729