Wizz Air лоукостерінің ұшқыштарына орманды сақтау мақсатында iPad планшеттері берілмек
Салынған уақыты 16.06.2021 09:54
Wizz Air лоукостері өзінің ұшқыштарына Apple iPad планшеттерін беру туралы шешім қабылдады, бұл жыл сайын 600 ағашты кесуден сақтайды.
Бұл экипаждарға арналған қағаз құжаттамадан бас тартып, барлығын сандық түрге көшіру туралы авиакомпания шешімінің арқасында мүмкін болмақ. Нәтижесінде қағазға деген қажеттілік жылына 6 млн параққа дейін азаяды.
IPad-қа карталар, құжаттар және анықтамалық құралдар жүктеледі. Бұл жағдайда құрылғыдағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады, сондықтан ұшқыштарға ұшу алдында бұрынғыдай ең соңғы ақпарат беріледі, бірақ енді ол электронды нұсқада болады.
IPad құрылғысын пайдаланудан Wizz Air экономикалық пайда да алады. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бортта салмағы ауыр қағаз анықтамалықтар болмағандықтан, ұшақтың салмағы азайып, лоукостер енді жыл сайын 4500 тонна отын үнемдей алады.
Ұшқыштар iPad-қа бірден ауыспайды. Алдымен ұшқыштар құжат айналымының жаңа жүйесіне біртіндеп көшу үшін қажетті тренингтерден өтеді. Wizz Air 2021 жылдың соңына дейін ұшқыштар кабинасындағы қағаздан толығымен бас тартқысы келеді.
2841