KLM Авиакомпаниясы ескі Boeing 737-800 ұшақтарына жаңа салондар орнатуды жоспарлап отыр
Салынған уақыты 15.06.2021 14:22
Амстердамдағы нидерландтық KLM авиакомпаниясы 14 орташа магистральды Boeing 737-800 ұшақтарының ескірген салондарын жаңартуға ниетті. Бұл Еуропадағы рейстерді орындау үшін авиатасымалдаушы пайдаланатын авиалайнерлердің негізгі түрі деп хабарлайды avianews.
Ескі орындықтар жаңа жұқа былғары креслолармен ауыстырылады. Нәтижесінде, жаңартылғаннан кейі авиалайнердің салмағы 700 кг азайып, бұл KLM-ге жыл сайын әрбір әуе кемесінен 58 тонна керосин үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңа орындықтар USB порттарымен жабдықталған, олар арқылы ұшу кезінде мобильді құрылғыларды қауттауға болады. Салондарды жаңғырту шеңберінде KLM ескі Boeing 737-800 ұшақтарына ұшу барысында түсін өзгертіп отыратын LED-жарығын және үлкейтілген қол жүгіне арналған жаңа сөрелер орнатады.
Сондай-ақ, ұшақтар спутниктік антенналармен жабдықталатын болады. Олар жолаушыларға ұшу кезінде борттағы Wi-Fi желісі арқылы интернетке шығуға мүмкіндік береді. KLM бұл қызметке тарифтерді әлі жарияламады. Тек желіге кірудің алғашқы 30 минуты тегін болатыны белгілі болды және оларды танымал хабар алмасу қосымшалары арқылы хабар алмасу үшін пайдалануға болады.
2918