ruenkz

Boeing ұшақтарды өндіру кезіндегі тәртіп бұзушылықтарға байланысты $17 млн айыппұл төлейді

Салынған уақыты 15.06.2021 09:06

Boeing америкалық авиаконцерні реттеуші анықтаған 737 сериялы ұшақтарды өндіру кезіндегі проблемаларға байланысты АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (Federal Aviation Administration, FAA) талаптарын орындау үшін 17 млн доллар көлемінде айыппұл төлейді. FAA хабарлағандай, әңгіме 2015-2019 жылдар аралығында ұшақтарды өндіру кезінде жіберілген ақаулықтар туралы болып отыр деп хабарлайды Интерфакс.

Реттеуші 759 Boeing 737 және MAX ұшақтарының басқару жүйесінде федералды реттеушілердің тиісті мақұлдауын алмаған сенсорлар қолданылғанын анықтады. Сонымен қатар, авиаконцерн ұшақ қанатының конструкциясындағы ақаулы болуы мүмкін компоненттерді қолдана отырып өндірілген 178 авиалайнерге мақұлдау алмақшы болған деп хабарлады FAA.

FAA талаптарын орындау үшін Boeing өнімнің ішкі сапасын бақылауды күшейту мақсатында бірқатар шаралар қабылдауға келісті. Атап айтқанда, авиациялық концерннің өзі және оның өнім берушілері 737 ұшақтарының өндірісін әрі қарай қауіпсіз етуге және оның санын арттыруға дайын ба, жоқ па, соны бағалау қажет. Егер авиаконцерн FAA-мен жасалған келісімнің талатарын орындамаса, тағы 10 миллион доллар айыппұл салынуы мүмкін.

 

2657