ruenkz

United Airlines әуе флотын аса жоғары жылдамдықтағы жолаушылар ұшақтарымен толықтыратын болады

Салынған уақыты 11.06.2021 09:53

Интерфакс американдық United Airlines авиакомпаниясы жолаушылар тасымалы үшін 15 жаңа аса жоғары жылдамдықтағы лайнер сатып алуға шешім қабылдады деп жазады. Тасымалдаушы 2029 жылға қарай «авиацияға аса жоғары жылдамдықты қайтаруды» жоспарлап отыр. Естеріңізге сала кетейік, аса жоғары жылдамдықтағы жолаушы рейстері 2003 жылы Air France және British Airways «Конкордтардан» бас тартқаннан кейін тоқтатылған болатын.

Енді United Airlines Денвердегі Overture компаниясы шығарған Boom ұшақтарын сатып алады, олардың сынақ рейстері әлі жоспар түрінде ғана. Әуе кемелері сағатына 1805 км (1.7 Maха) жылдамдыққа дейін жетеді деп күтілуде және бұл трансатлантикалық ұшу уақытын қысқартады: Лондоннан Нью-Йоркке Boom лайнері 3.5 сағатта ұшып баратын болады. Overture компаниясы оның ұшағы шығаратын шу қазіргі заманғы жолаушылар әуе кемесі шығаратын шудан қатты емес деп мәлімдейді.

Өздеріңіз білетіндей, әлемде аса жоғары жылдамдықтағы жолаушылар ұшақтарының екі моделі болды: кеңестік Ту-144 және британдық-француздық «Конкорд».

2671