Еуропалық авиакомпаниялар ұшақтарды қайта пайдалануға қайтарып жатыр
Салынған уақыты 10.06.2021 10:05
Испандық Iberia үш Airbus A330 ұшағын "прейтерлерден" жолаушы нұсқалар тасымалдайтын нұсқаға қайта ауыстырып, ұзақ уақыт пайдаланбай тұрған осы үлгідегі тағы 29 ұшағын қатарға қоспақ. Сонымен бірге, неміс Lufthansa бірнеше апта ішінде елуден астам ұшақтың жұмысын қалпына келтіруге дайын деп жазады АТО.
Испанияның ұлттық тасымалдаушысы Iberia Maintenance компаниясының ТҚЖ бөлімшесі осы жазда бір жылдан астам уақыт тоқтап тұрған 29 тар фюзеляжды ұшақты тұрақты пайдалануға қайтаруға дайындап жатқанын растады. Сонымен қатар, International Airlines Group (IAG құрамына Iberia басқа British Airways, Aer Lingus және Vueling кіреді) биылғы жылы барлығы 15 жаңа ұшақты қабылдайды, оның ішінде 2020 жылдан бері жеткізілмей қалғаны да бар.
Ал Lufthansa болса келесі апталарда 50-ден астам ұшақты пайдалануға қайтаратынын мәлімдеді. Шілде және тамыз айларында тасымалдарға сұраныс қазірдің өзінде бір ай бұрынғыға қарағанда 10 есе жоғары; кейбір бағыттарда ол дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсуде. Lufthansa неміс бөлімшесі қазіргі уақытта 138 ұшақты пайдалануда. Тағы 20-сы резервте болса, 142-сі ұзақ мерзімді сақтауда тұр.
2635