Қазақстан Австрия, Иордания және Бахрейн авиакомпанияларына «аспанды ашып беруді» жоспарлап отыр
Салынған уақыты 08.06.2021 08:30
Қазақстан "ашық аспан" жобасынан бас тартқысы келмейді, ол жоба эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай толығымен жұмыс істейтін болады. Рейстерінің санына ешбір шектеу қойылмай елімізге Австрия, Иордания, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия және басқа да елдердің авиакомпаниялары ұшады деп күтілуде деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық аспан" режимі рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастау дегенді білдіреді. Шетелдік авиакомпанияларға "әуе бостандығының" бесінші дәрежесі беріледі – олар қазақстандық қалалар арқылы үшінші елдерге (қазақстандық тасымалдаушылар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша) рейстер орындай алады. "Ашық аспан" артықшылықтарының арасында шетелдік тасымалдаушыларды тарту, бәсекелестікті арттыру және әуе билеттерінің құнын төмендету де бар.
Бүгінгі таңда мұндай режим Қазақстанның 12 әуежайында жұмыс істейді: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей және Түркістан қалаларында. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 20-дан астам елмен келіссөздер жүргізді. Олардың арасында Катар, БАӘ, Оман, Кувейт, Бахрейн, Иордания, Малайзия, Австрия бар.
2545