Еуропаға жолаушылар дирижаблі қайта оралуы мүмкін
Салынған уақыты 07.06.2021 08:36
Британдық Hybrid Air Vehicles компаниясы Еуропа мен Солтүстік Америкадағы кейбір бағыттардағы ұшақтарды дирижабльдермен алмастыруды жоспарлап отыр. Аэростаттар ұшақтарға қарағанда баяу ұшатынына қарамастан, олар қоршаған ортаға көп зиян келтірмейді. 2025 жылға қарай Airlander 10 дирижабльдері жолаушыларды тасымалдап бастайды деп күтілуде деп хабарлайды туристік басылым.
Дирижабльде ұшу лайнерге қарағанда ұзағырақ болады. Мысалы, Ливерпульден Белфастқа бес жарым сағатта жетуге болады, ал ұшақ болса ол қашықтықты бір сағаа ішінде бағындырады. Сол уақытта ол атмосфераға 67,75 кг зиянды заттар шығарса, дирижабль бар болғаны 4,75 кг шығарады. Airlander 10 дирижаблі ұшақ, тікұшақ және дирижабль гибртді болып табылады, бастапқыда 2012 жылы әскери мақсатта жасалған болатын, ал 2016 жылы сынақтан өткізілді.
Ұшу құралдарын сериялы түрде өндіру алдағы айларда басталады деп жоспарланып отыр. Дирижабльдерге тапсырыс берушілердің бірі швед елінің OceanSky Cruises туристік компаниясы болып отыр, ол дирижабльдерді солтүстік полюс арқылы ұшатын маршруттарға қоймақшы. Ұшу аппараты 4.9 км биіктікке көтеріліп, жылдамдықты 148 км/сағ дейін арттырып, екі апта бойы ауада жүруі мүмкін.
2678