ruenkz

ЕО құрамындағы жеті елде «жасыл төлқұжаттарды» беріле бастады

Салынған уақыты 04.06.2021 08:58

Интерфакс Еуропаның жеті елі бірыңғай «жасыл төлқұжаттар» бере бастағанын хабарлайды. Бұл - Чехия, Германия, Болгария, Дания, Греция, Польша және Хорватия елдері. Бұл құжат ЕО аумағында шектеусіз сапар жасауға мүмкіндік береді.

Еурокомиссия хабарлағандай, QR-коды бар паспорттар барлығына тегін беріледі, олар цифрлық немесе қағаз форматта болады. Құжат адамның COVID-19 вакцинасын алғанын, ПТР тестінің теріс нәтижесін немесе ауырғаннан кейін антиденелердің бар екендігі туралы анықтаманы растайды.

Құжат 1 шілдеде ЕО-да іске қосылады деп күтілуде, содан кейін барлық мүше елдер алты апта ішінде бағдарламаға қосылуы керек.

 

2624