ruenkz

ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ТІКҰШАҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ОПЕРАТОРЛАРЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Салынған уақыты 03.06.2021 09:18

Ресейлік «ЮТэйр» және «Қазавиақұтқару» ұшу және техникалық кадрларды даярлау, Ми-26 тікұшағымен әуе қызметтерін көрсету, авиатехникаға техникалық қызмет көрсету саласында ұзақмерзімді серіктестікті дамыту бойынша жоспарларды белгіледі. Тиісті меморандум HeliRussia-2021 көрмесі барысында жасалды деп хабарлайды АТО.

«ЮТэйр» «Қазавиақұтқару» ұшқыштар құрамын оқыту мен қайта даярлауды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Қазақстандық оператордың қызметкерлері ресейлік компанияның Тюмень қаласындағы персоналды даярлау орталығында Ми-26, Ми-8Т, Ми-8МТВ және Ми-8АМТ тікұшақтарының жаттығу құрылғыларына қол жеткізе алады. Бұдан басқа, қазақстандық тараптың мүддесі үшін «ЮТэйр» ауыр Ми-26 тікұшағында авиациялық қызметтер көрсететін және оған техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін болады. «ЮТэйр-Инжиниринг» ТҚЖ провайдері базасында, сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» өтінімдері бойынша Ми-17 тікұшақтарына техникалық қызмет көрсетілетін болады.

«Қазавиақұтқару» компаниясының Ми-171, Ми-8Т, Ми-8МТВ, Ми-17В-5, Ми-26, Airbus ЕС-145 және Ка-32А11ВС тікұшақтары өртті сөндіру, медициналық авиация, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары, зардап шеккен адамдарды, халықты және мүлікті төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялау үшін ұшу, орман шаруашылығына қызмет көрсету және гуманитарлық жүкті жеткізу бойынша ұшу мақсатында пайдаланылады.

 

2598