ruenkz

Түркістан-Бішкек жаңа халықаралық рейсінің ашылуы туралы ақпарат

Салынған уақыты 01.06.2021 08:55

2021 жылғы 31 мамырда “Fly Arystan” әуе компаниясы түркі әлемінің мәдени астанасынан Қырғызстан астанасы Бішкекке жаңа халықаралық рейсті іске қосады. Түркістан – Бішкек рейстері А-320 әуе кемесімен аптасына 2 рейс (1, 4 күн бойынша) орындалады. Мәселен, 2021 жылғы 31 мамырда орындалатын алғашқы рейсте Түркістан мен Бішкек қалалары арасындағы орташа коммерциялық жүктеме 60%-дан асады. Осылайша, Ұлы Жібек жолындағы туризмді дамыту орталығы ретінде Түркістан қаласын шет мемлекеттермен байланыстыру жөніндегі міндет дәйекті түрде орындалып келеді. Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

292