«Россия» авиакомпаниясы IATA Travel pass жолаушысының цифрлық паспортын тестілеуде
Салынған уақыты 31.05.2021 08:25
Пандемия кезінде халықаралық авиаұшуларды қауіпсіз қалпына келтіруге ықпал ету мақсатында «Россия» авиакомпаниясы («Аэрофлот» тобына кіреді) IATA Travel Pass (ITP) мобильді қосымшасын тестілеуге қосылды және ресейлік «Сирена-Трэвел» брондау жүйесі базасында ITP енгізген алғашқы компания болды.
IATA Travel Pass мобильді қосымшасы – бұл Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) жолаушылар туралы мәліметтерді, пандемия кезіндегі саяхат талаптарына қатысты ұлттық ережелерді тексеру және аутентификациялау үшін жасаған цифрлық қосымша. Ұсынылған шешім саяхатшыны COVID-19 тестілеу және вакцинация туралы мәліметтерді әртүрлі мемлекеттердің өз аумақтарына кіру ережелеріне қойылатын талаптары туралы ақпаратпен бірге береді. Сондай-ақ, қосымшада жолаушылар ПТР тестін тапсыра алатын белгілі бір елде сертификатталған зертханалар туралы ақпарат болады. Әзірлеушілердің пікірінше, мобильді қосымша халықаралық рейстерді ұйымдастыруды едәуір жеңілдетеді, оларды жолаушылар үшін, әсіресе пандемия кезінде ыңғайлы етеді және әуе саласының қалпына келуіне ықпал етеді.
«Заманауи ақпараттық технологиялар біздің өмірімізге әбден еніп кетті және оның ажырамас бөлігіне айналуда. Біз жаһандық деңгейде саяхатты ұйымдастыру процесін жеңілдетуге және оларды барынша жайлы етуге бағытталған жобаға қосылғанымызға қуаныштымыз», — дейді «Россия» авиакомпаниясының Ббас директоры Сергей Александровский.
«Россия» қауіпсіз туризмді қамтамасыз ету жөніндегі Safe Travel халықаралық бағдарламасына қатысады және «Санкт-Петербургтегі қауіпсіз қонақжайлылық / safe Travels SPB» белгісімен белгіленген.
Осы айдың басында Әзірбайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы AZAL (Azerbaijan Airlines) IATA Travel Pass тестілеуіне қатысу туралы шешім қабылдады.
2575