Ұзақ уақыттан бергі алғашқы оптимистік болжам: IATA әуе саласы мен туризмді дамытудың 3 сценарийін ұсынды
Салынған уақыты 28.05.2021 09:47
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) пандемияға және әуе тасымалы мен туризмді қалпына келтіруге қатысты алғашқы оптимистік болжамды ұсынды. Қауымдастық сарапшыларының пікірінше, туристер локдаун мен карантиндерден шаршады және қысқа және ұзақмерзімді перспективада саяхаттауға дайын. Үкіметтерге операцияларды тиімді ету үшін оларды қолдауды күшейтуді ұсынады.
«Біз тарихтағы ең ауыр және күрделі дағдарысты бастан кешудеміз. COVID-19 дағдарысынан болған залал әлі де жылдар бойы сезілетін болады, бірақ адамдардың өз қажеттіліктерін, оның ішінде саяхаттауға деген ұмтылысын қорғауға дайын екені байқалады», - деді IATA басқарушы директоры Уилли Уолш. Олар британдық туристер тарапынан шекара ашылған бойда Португалияға жасалған бронь санының 100% өсуін мысал ретінде келтірді, әрі бұл ел "жасыл" тізімдегі туристік елдердің бірі болып отыр.
«Вакцина алған халық санының тез өсуі және тестілеудің сәтті өтуі алдағы айларда еркін ұшу мүмкіндігін қалпына келтіреді. Дәл осы кезде адамдардың саяхаттауға деген құлшынысы арта түседі», - деп толықтырды Уолш мырза.
Әрі қарай, IATA оптимистік болжамдарға негізделген үш сценарийді ұсынды:
1. 2021 жылы бүкіл әлем бойынша жолаушылар саны 2019 жылғы деңгейден 52%-ың құрайды.
2. 2022 жылы COVID-19 пандемиясына дейінгі деңгейден 80%-ға артады.
3. Ал 2023 жылы туристер саны ковидке дейінгі деңгейге оралып қана қоймай, сұраныстың күшеюі есебінен 2019 жылғы деңгейдің 105 пайызына жетеді.
Содан кейін, 2030 жылға қарай бүкіл әлемде жолаушылар саны 5,6 миллиардқа жетеді. Алайда, бұдан әрі әуе тасымалдары көлемінің өсуі баяулайды деп күтілуде.
2604