Өзбекстан Президенті ЕАЭО мүшелерін әуе және теміржол жолаушылар қатынасын толығымен қалпына келтіруге шақырды
Салынған уақыты 27.05.2021 09:25
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО елдері арасындағы тұрақты әуе және теміржол қатынасын қалпына келтіруге шақырды.
Өз сөзінде ол көлік-транзиттік сала экономикалық байланыстарды тереңдетудің катализаторы болып табылатынын, сондықтан жүктердің шекара арқылы жедел өтуі мәселелерін шешуді талап ететінін, сондай-ақ шекарадан өту процедураларын жетілдіру қажеттігін атап өтті.
«Тұрақты әуе және темір жол жолаушылар көлік қатынасын қатынасын жаңарту уақыты келді», - деп атап өтті Ш.Мирзиеев.
Сондай-ақ, ол Өзбекстанның жүк тасымалы мен транзитіне өзара преференциялар беру тәжірибесін кеңейтуге мүдделі екендігін білдірді.
Өзбекстан Еуразиялық экономикалық одақтың өткен жылдың 11 желтоқсанында өткен саммиті барысында сол ұйымның жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін алған болатын.
2590