«Turkish Airlines» авиакомпаниясының Түркістан-Стамбул халықаралық рейсі іске қосылды
Салынған уақыты 26.05.2021 08:49
2021 жылғы 22 мамырда «Turkish Airlines» түрік авиакомпаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Стамбұлға жаңа халықаралық тұрақты рейсті іске қосты.
«Turkish Airlines» авиакомпаниясы осы рейстің ашылуын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырды.
Түркістан және Стамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 1 рейс жиілігімен (сенбі) Б-737 типті әуе кемесінде орындалатын болады және эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай кезең-кезеңімен саны артып отырады.
Билет құны 119 500 теңгеден басталады.
Алғашқы тұрақты рейс іске қосылған сәттен бастап (2020 жылғы 1 желтоқсан) Түркістан қаласының әуежайынан 160-тан астам рейс орындалып, 47 мыңға жуық жолаушы тасымалданды, рейстердің орташа коммерциялық жүктемесі 83% құрады.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласының әуежайынан Нұрсұлтан, Алматы, Атырау және Стамбұлға ұшатын рейстер орындалуда және түркі әлемінің рухани орталығы ретінде Түркістанды 10 облыс орталығымен (Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Өскемен) байланыстыру үшін аптасына шамамен 50 рейс қосу жоспарлануда.
Түркістан қаласының әуежайы шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «ашық аспан» режиміне қосылған, бұл оны ұшу географиясын кеңейту тұрғысынан тартымды етіп, шетелдік туристер ағынын тартуға ықпал етеді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 31 мамырынан бастап «Fly Arystan» авиакомпаниясы Түркістаннан Бішкекке (Қырғызстан) ұшатын жаңа рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Ташкентке (Өзбекстан) ұшатын рейстің ашылу мәселесі пысықталуда.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтеміз.
2730