ruenkz

Қазақстаннан Амстердамға ұшатын авиарейстер қайта жаңғыртылып, Черногорияға жаңа рейстер ашылады

Салынған уақыты 24.05.2021 09:07

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Черногория, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашуға және санын көбейтуге рұқсат берді, деп хабарлайды Tengritravel.kz ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Подгорицаға (Черногория) жолаушылар рейстерін 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Алматыдан аптасына бес рет және Нұр-Сұлтаннан аптасына үш рет жиілікпен орындауға рұқсат етілді. 2021 жылғы 10 мамырдан бастап Алматыдан Дубайға рұқсат етілген тұрақты рейстер саны әрбір тарап үшін бестен жетіге дейін, ал Нұр-Сұлтаннан аптасына үш рейстен беске дейін ұлғаяды.  

Сондай-ақ, 2021 жылғы 20 мамырдан бастап «Эйр Астана» АҚ Атырау - Франкфурт - Атырау бағыты бойынша рейстерін аптасына бір рет, одан әрі Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай екіге дейін көбейте отырып, Атырау-Амстердам-Атырау бағытына кезең-кезеңімен ауыстыруға рұқсат етілгені белгілі.

96