ruenkz

Үндістанның «дәмі» бар жаңа британдық авиакомпания

Салынған уақыты 21.05.2021 11:04

 

Британдық Hans Airways стартап-авиакомпаниясы Үндістанға ұшуды қазанайының соңына қарай немесе қараша айының басында бастауды жоспарлапотыр деп хабарлады компания президенті Сатнам Саини Aviation Weekбасылымына. «Формальдылықты аяқтау үшін бізге алты-сегіз апта қажет», - деді ол. 

Жоспар бойынша лизингке алынған екі кең фюзеляжды Airbus A330-200 ұшуын бастаудан бір ай бұрын компанияға жеткізіледі. Жақындаавиакомпания сыртқы ресурстарды тартудың екінші кезеңін аяқтады, бірақтүскен қаражат көлемі мен негізгі инвесторлардың аттарын жарияламады. Компания басшысының айтуынша, қаржы «үш жыл бойы жұмыс істеугежеткілікті».

2619