Еуропалық комиссия үшінші елдерден келген вакцинацияланған туристерге Еуропа бойынша саяхаттауға рұқсат беруді ұсынады
Салынған уақыты 20.05.2021 09:26
Еуропалық комиссия үшінші елдердің тұрғындарына Еуропаға саяхаттауға мүмкіндік беру арқылы шектеулерді жеңілдетуді ұсынады. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайы бар мемлекеттердің туристеріне, сондай-ақ EMA мақұлдаған вакцина салдырған азаматтарға кіруге рұқсат етілуі мүмкін. Олардың қатарында Johnson&Johnson, Moderna, AstraZeneca (екі нұсқасы) және Pfizer/BioNTech бар. Егер азаматтары ЕО-ға кіре алатын елде аурудың өршуі орын алса, Еуропалық комиссия ол жақтан келетін қонақтарды қабылдауды уақытша тоқтата тұру құқығын өзіне қалдырады.
«Вакцина төлқұжаттары» Еуропада маусым айында пайда болады. «РИА Новости» Италияның туризм министрі Массимо Гаравальоға сілтеме жасап жазғандай, бұл құжатты үшінші елдердің егілген тұрғындары да ала алады. Карантинге жаппау үшін вакцинация туралы сертификаттың болуы жеткілікті деді шенеунік.
2568