Нидерландтың ең үлкен әуежайы қол жүгін компьютерлік томографтармен тексеретін болады
Салынған уақыты 17.05.2021 09:27
Нидерландтың ең үлкен әуежайы саналатын Амстердамдағы Схипхол жолаушылардың қол жүгін компьютерлік томографтардың көмегімен тексере бастады. Сынақ режимінде олар 2015 жылы қолданыла бастаған деп хабарлайды avianews.
Жаңа жабдық Амстердамнан ұшатын жолаушыларды бақылау үшін де, Схипхолда бір ұшақтан екіншісіне ауысып отыратын саяхатшылар үшін де қолданылады. Компьютерлік томографтар авиациялық қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлеріне чемодандардың ішіндегіні қажет болған жағдайда 360 градусқа бұра отырып, көлемді 3D-сурет түрінде көруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, егер компьютерлік томограф олардың ішіндегіні қауіпсіз деп көрсетсе, жолаушылар қол жүгімен көлемі 100 мл-ден асатын сыйымдылықтарды алып жүре алады. Алайда, мұндай жеңілдіктер Амстердамнан ұшқанда ғана қолданылады. Қайтып оралғанда немесе басқа әуежайларда бір ұшақтан екіншісіне отырған кезде ескі ережелер қолданылады. Олар бойынша ұшақтың салонына 10-нан аспайтын сұйықтық ыдысын алуға мүмкіндік береді әрі олардың әрқайсысының көлемі 100 мл-ден аспауы керек
2588