ruenkz

Silk Way авиакомпаниясы бес жаңа Боингке тапсырыс берді

Салынған уақыты 14.05.2021 08:43

 

Әзірбайжанның Silk Way Western Airlines авиакомпаниясы өз флотын кеңейту үшін бес жаңа Boeing 777f жүк ұшағына тапсырыс берді. Таңдалған модель – екі қозғалтқышы бар ең үлкен жүк авиалайнері. Ол бір уақытта 102 тонна жүкті 9200 км қашықтыққа тасымалдай алады және авиакомпанияға өз жұмысын әртараптандыруға мүмкіндік береді деп хабарлайды avianews.

Қазір Silk Way паркі одан да үлкен ұшақтардан тұрады: бес Boeing 747-8 және жеті Boeing 747-400. 777f қолдану оның жүктемесі аз маршруттарға шығуына мүмкіндік береді. Авиакомпания тапсырыс берген ұшақтарды 2023 жылдан 2027 жылға дейін алады. Silk Way Boeing компаниясының 777f моделіне тапсырыс берген Орталық Азия мен Каспий өңіріндегі алғашқы клиенті болды.

Авиакомпания 2012 жылы құрылған, жүк тасымалдаумен айналысады және Бакуде базасы бар. Бір жыл ішінде оның флоты 350 мың тонна жүк тасымалдайды.

2498