ruenkz

«Turkish Airlines» және «Pegasus Airlines» авиакомпанияларының рейстерінің ашылуы туралы

Салынған уақыты 12.05.2021 14:39

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес түрік әуе компанияларына Түркістан – Стамбул бағытында халықаралық тұрақты рейс ашуға және Шымкент – Стамбул бағытында тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

Атап айтқанда, «Turkish Airlines» авиакомпаниясы 2021 жылғы 22 мамырдан бастап Түркістан – Стамбул – Түркістан бағытында жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бастапқы кезеңде рейстер А-321Neo әуе кемесімен аптасына 1 рет (аптаның 6-күні) орындалады.

Сонымен қатар, «Pegasus Airlines» түрік авиатасымалдаушысы 2021 жылғы 23 мамырдан бастап Шымкент пен Стамбул қалалары арасында тұрақты рейстерді орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер бастапқы кезеңде B-737 әуе кемесімен аптасына 1 рейс (аптаның 7-күні) орындалады.

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсарған жағдайда рейстер санын кезең-кезеңімен көбейту жоспарланып отыр.

Рейстер санитарлық–эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және авиакомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

375