ACI үкіметтерді әуе айлақтарын қолдауға шақырды
Салынған уақыты 12.05.2021 10:56
Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI World) бас директоры Луис Фелипе де Оливейра ұлттық үкіметтерді әуежайларға тікелей қолдау көрсетуге және ең бастысы, салаға әуе қатынасын қалпына келтіруге және экономиканы жақсартуға мүмкіндік беретін жүйелі тәсіл қабылдауға шақырды деп хабарлайды АТО порталы.
Әуе тасымалына деген сұранысты қалпына келтіру әлемнің әртүрлі аймақтарында бірдей емес. Атап айтқанда, Еуропа мен Африка биліктің карантиндік режимдерді енгізуіне қатысты сәйкессіздігінен зардап шегуде. Шекараларды ашуға қатысты ұжымдық стратегияның болмауы қалпына келтіру қарқынына кері әсер етуде. ACI үйлестірілмеген әрекеттер мен ішкі нарықтардың тығыз болуына байланысты Еуропа абсолютті түрде ең көп зардап шеккен аймақ болып қала береді: 2021 жылы саланың кірісіне келген зиян 2019 жылмен салыстырғанда 37,5 миллиард доллардан асады.
Салыстырмалы түрде алғанда, ең көп шығынға ұшырайтыны Таяу Шығыс пен сол баяғы Еуропа: осы аймақтардағы саланың қаржылық көрсеткіштері сәйкесінше 58,9 және 58,1% төмендейді. Азия-Тынық мұхиты аймағы салыстырмалы түрде аз ықпалға ұшрайды, бірақ бұл жерде көрсеткіштердің төмендеуі «нормаға» қарағанда 40,3% құрамақ.
2501