ruenkz

Lufthansa армандағы лайнерлерді сатып алды

Салынған уақыты 13.05.2021 08:28

Lufthansa неміс авиакомпаниясы дағдарысқа байланысты басқа авиакомпаниялар бас тартқан бес Boeing 787-9 Dreamliner алыс магистральды ұшақтарын сатып алғаны туралы мәлімдеді. Бұл авиалайнерлер өндірілді, соның арқасында жеткізу мерзімі де жеделдетіледі. Lufthansa алғашқы ұшағын осы қыста, қалған төртеуі – 2022 жылдың бірінші жартысында әкеледі деп хабарлайды avianews порталы.

Сондай-ақ, неміс авиакомпаниясы еуропалық Airbus өндірушісіне A350-900 алыс қашықтыққа ұшатын бес әуе кемесіне тапсырыс берді. Lufthansa оларды 2027 және 2028 жылдары алады. Қазір неміс авиатасымалдаушысы дағдарысты жеңіп, тиімділігін арттыру үшін флотты азайтуға және оны жаңартуға ниетті.

Lufthansa мәліметтері бойынша жаңа ұшақтар бір жолаушыны 100 шақырымға тасымалдауға орта есеппен 2,5 литр керосин жұмсайды, ал алдыңғы буын әуе кемелері одан 30%-ға көп. Жалпы жаңа авиалайнерлерді пайдалану авиатасымалдаушыға операциялық шығындарды 15% төмендетуге мүмкіндік береді.

2614