ruenkz

300-ден астам компания Airshow China 2021 салонына қатысатындығын растады

Салынған уақыты 11.05.2021 08:35

300-ден астам қытайлық және шетелдік компаниял Airshow China 2021 13-ші халықаралық авиациялық-ғарыш салонына қатысады деп хабарлайды dknews Деловой Қазақстанға сілтеме жасап. Жоспар бойынша іс-шара 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Оңтүстік Қытайдың Гуандун провинциясының Чжухай қаласында өтеді.

Расталған қатысушылардың қатарына Boeing, Embraer, GE Aviation, Honeywell және Parker Aerospace сияқты танымал халықаралық авиациялық және аэроғарыштық компаниялар кіреді. Биылғы жылы Airshow China жабық көрме алаңы 100 мың шаршы метрді құрайды, оның 80%-не тапсырыс беріліп қойған, ал ашық көрме алаңы – 360 мың шаршы метр.

Сондай-ақ, аэроғарыш салоны онлайн режимде де өтеді, соның арқасында көрермендер мәнерлеп ұшуды, жердегі авиатехниканың динамикалық тұсаукесерлерін, сондай-ақ онлайн-форумдарды тамашалай алады. Іс-шараға авиация және авиағарыш саласының кәсіпқойлары, сондай-ақ онлайн және оффлайн форматта тәжірибе алмасу және мәмілелер жасасу үшін Қытайдан және шетелден келген сауда делегациялары қатысады.

119