ruenkz

Еуропарламент COVID-төлқұжатын қолдап дауыс берді

Салынған уақыты 06.05.2021 13:52

Еуропалық парламент COVID-мәртебесі туралы төлқұжаттарды енгізуді тағы бір қадам жақындатты: сәуір айының соңғы күндерінде парламентшілер ЕО аумағында сертификаттар жүйесін қолдануға дауыс берді деп хабарлайды АТО порталы.

Сертификат (EU COVID-19 certificate) - бұл Еуропалық комиссия ұсынған «цифрлық жасыл сертификат» (Digital Green Certificate) бастамасының өзгертілген нұсқасы, әрі оған авиациялық орта карантиндік шектеулерді алып тастау әдісі ретінде үлкен үміт артып отыр.

Туризм және авиация салалары Еуропалық парламент, Еуропалық комиссия және Еуропа кеңесі арасындағы осы мәселе бойынша одан әрі өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін дауыс беру нәтижелерін аса үлкен ықыласпен қабылдады.

156