Uzbekistan Airways толық сервистік және лоукост-компания болып екіге бөлінбек
Салынған уақыты 05.05.2021 09:30
Uzbekistan Airways ұлттық авиакомпаниясы қызметтің тиімділігін арттыруға баса назар аудара отырып, трансформациялау бойынша жоспарлары бар екенін жария етті. Тасымалдаушы флотты жаңартып, оңтайландырады және бюджеттік тасымалдарды іске қосады.
Ұсынылған Компания тиімділігін арттырудың стратегиясы шығындарды жылына 46,5 млн. долларға қысқарту және кірісті 40 млн долларға арттыру бойынша шаралар кешенін қамтиды. Uzbekistan Airways қолданыстағы толық сервистік қызмет көрсетуге қосымша лоукост форматындағы рейстердің бір бөлігін жүзеге асыруды көздейтін гибридті бизнес-модельге ауысады.
Осы мақсатта төрт Airbus А320 ұшағын пайдаланып, олардың сыйымдылығын алдын ала 150-ден 174 жолаушыға дейін ұлғайтып, ағымдағы жылдың III тоқсанынан бастап бюджеттік тасымалдарды іске қосу жоспарланып отыр.
2478