ruenkz

Ең қымбат және ең арзан ПТР сынақтары жасалатын әуежайлар анықталды

Салынған уақыты 04.05.2021 16:30

Әлемдегі әуежайларда COVID-19 анықтау үшін ПТР сынақтарының ең төменгі және ең жоғары бағалары арасындағы айырмашылық 400 долларға жетеді. Мұны жыл сайынғы ең үздік авиакомпания мен әуежайды анықтау рейтингісімен танымал Ұлыбританияның Skytrax агенттігінің зерттеуі көрсетті. Ол бүкіл әлем бойынша 77 әуе қақпасының деректерін талдады.

ең қымбат ПТР сынағы Жапонияның Кансай әуежайында екен, ол 404 доллар тұрады, ал ең арзан - Үндістанның Мумбай әуежайында ішкі рейстер жолаушылары үшін ұйымдастырылған, Оның бағасы бар-жоғы 8 доллар. ТМД елдерінде ең төменгі тарифтер Минскіде ($15) және Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ($20) анықталды. ЕО елдерінде ПТР әдісімен коронавирусқа тексерудің ең арзан түрі Рига қаласында. Оның бағасы – 44 доллар. Ең жоғары ставка, яғни 317 доллар – Хельсинкиде. Солтүстік Америкада жергілікті жерде талдау жасауды ұсынатын әуежайлар аз. Ең арзан ПТР сынағы Форт-Лодердейл/Холливуд әуежайында. Құны -106 доллар, ал ең қымбаты – Сан-Францискода (261 доллар).

Skytrax талдауы дамыған елдерде баға жоғары екенін көрсетті, онда инфрақұрылым шығындары, жұмысшылардың жалақысы және зертханалардың шығындары маңызды рөл атқарады. Өйткені ол көрсеткіштер дамушы аймақтарға қарағанда жоғары. Кейбір мемлекеттер тесттерден салық алады, бұл олардың құнынан да байқалады. Агенттік тестілеуге қойылатын талаптарды елдер әлі күнге дейін стандарттамағанын байқады, ал нәтижені күту уақыты әуежайға байланысты 24 немесе тіпті 96 сағатқа жетуі мүмкін.

2823