ruenkz

Үржар әуежайы 1 мамырдан бастап реконструкцияға жабылады. Жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Салынған уақыты 29.04.2021 15:49

1 мамырдан бастап Үржар әуежайы ұшу-қону жолағын рконструкциялау үшін жабылады. Жөндеу жұмыстарына 4,7 млрд теңге бөлінді деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

«Алакөл көлінің жағалауына көліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ШҚО Үржар ауданының әкімдігі өткен жылдан бастап ұшу-қону жолағын реконструкциялау және ұзарту, сондай-ақ Үржар ауылының әуежайына жарық-сигналдық жабдық орнату бойынша жобаны іске асыруда», - делінген ақпаратта.

Реконструкциядан кейін Үржар ауылының әуежайы заманауи Embraer 190, Bombardier Q-400, CRJ-200 реактивті және турбовинтті ұшақтарын түнгі уақытта да қабылдай алады. Бұл Алакөл көлінің жағалауындағы туристер ағынын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, жазда Алматы облысындағы Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағын реконструкциялау және ұзарту басталады. Бұл мақсатқа Үкімет 4,7 млрд теңге бөлді.

Жасанды ҰҚЖ-ны реконструкциялау кезінде АН-24, L-410 ұшақтары топырақты жолаққа қонатын болады. ИИДМ бұл жасанды ұшу-қону жолағын жөндеуге жапқан кезде әуежайдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Үржар әуежайының жабылуына және Үшарал әуежайының ҰҚЖ жөнделуіне байланысты биыл Алакөл бағытындағы пойыздар мен қосымша тіркеме вагондардың саны артатыны хабарланды. Сондай- ақ, 17 маусымнан бастап Алматы-Достық бағытыедағы жаңа жолаушылар пойызын іске қосу жоспарлануда.

3487