IATA әлемдік авиакомпаниялар үшін жаңа шығындардың болатынын болжап отыр
Салынған уақыты 29.04.2021 09:09
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) коронавирустық инфекция (КВИ) пандемиясына байланысты авиакомпаниялардың әлемдік шығын болжамын 48 миллиард долларға дейін төмендетті деп хабарлайды Время агенттігі.
«IATA болжамына сәйкес, 2021 жылы авиация саласының таза шығыны 48 миллиард долларды құрайды», - деді қауымдастықтың баспасөз қызметі. Бұл бұрын болжанған көрсеткіштен 10 миллиард долларға көп. КВИ-мен сырқаттану жағдайларының қайта өршуі және вирус штаммдарында болып жатқан мутация салдарынан елдердің арасындағы әуе қатынасына қойылған шектеулерге байланысты шығындар қайта қаралды.
Ең көп қаржылай шығын Еуропада болады деп күтілуде: 2020 жылы $34,5 млрд болса, осы жылы - $22,2 млрд. Ең аз шығын 2021 жылы Африкада болады – 2020 жылғы 2 миллиард АҚШ долларына қарсы $1,7 млрд. Сондай-ақ, халықаралық әуе көлігі қауымдастығы вакцинация қарқынды түрде жүргізіліп жатқан елдердің үкіметтері туристердің вирустың жаңа нұсқаларын әкелуінен қорқып, туризмді қайта бастау мәселесіне аса мұқият қарайтынын айтады.
2683