Airbus A350 және A380 жүк нұсқаларымен жұмыс жасауда
Салынған уақыты 28.04.2021 10:02
Еуропалық ұшақ жасаушы Airbus жүк таситын кең фюзеляжды A350 және A380 нұсқаларын нарыққа шығару үшін белсенді маркетингтік науқанды бастады.
Екі жоба да, бірақ негізінен A350, кең фюзеляжды жүк ұшақтары сегментінде A300/A310 бағдарламаларынан кейін Boeing-тен артта қалып отырған Airbus өнімдерінің қатарына құнды қосымша бола алады.
Арнайы брифинг өткізген жоба авторлары, егер ресми ұшыру ағымдағы жылдың соңына дейін болса, А350 базасындағы жүк ұшағы 2025 жылдан кейін нарыққа шығуы мүмкін деп отыр. Airbus-тың A350-950F жобасына қатысты жоспарлары COVID-19 пандемиясы кезінде электрондық сауданың экспансивті дамуы есебінен өскен әуе жүк тасымалы нарығының перспективалары аясында қисынды болып көрінеді.
Сыйымдылығы өте үлкен ұшаққа келетін болсақ, A380 Combi біріктірілген жолаушы-жүк нұсқасының жобасы бойынша әзірге деректер аз. Жоғарғы палуба жолаушылар үшін қала береді, ал негізгі палуба жүк үшін сақталатын болады. Combi бастамасы A380F бастапқы құрылымының элементтерін ішінара қолданады. Кезінде АҚШ-тың FedEx және UPS жедел жүк және пошта жеткізу компаниялары 2006 және 2007 жылдары осы нұсқаға тапсырыстарын жойғаннан кейін, ақыры, бұл конструкциядан бас тартты.
2611