ruenkz

Қазақстан Түркияға ұшатын рейстерді айтарлықтай қысқартады

Салынған уақыты 27.04.2021 09:30

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елдің Түркияға рейстер санын қысқартатынын айтты деп хабарлайды Liter.kz. Қазақстандықтар демалуды жақсы көретін елге ұшатын рейстер саны аптасына 20-дан тоғызға дейін қысқарады.

ВАК-тың 14 сәуірдегі хаттамасына сәйкес, 26 сәуірден бастап Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің жалпы санын аптасына 20-дан тоғыз рейске дейін қысқарту тапсырылды. Түркияда күн сайын 50 мыңнан астам коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары анықталып отыр. Бұрын ол елге ұшатын рейстеріне Ресей де шектеу қойған болатын. Қазақстан турфирмаларының деректері бойынша, қазір Түркияға жолдама бойынша біздің елден 200 адам ғана бар.

307