Қазақстанның әуе тасымалдаушыларына пандемия қандай зиян келтірді?
Салынған уақыты 26.04.2021 10:05
Пандемия тек туроператорларға ғана емес, авиакомпанияларға да айтарлықтай шығын әкелді. Өткен жылы олар жалпы сомасы 356 млрд теңгеге залал келтірді деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің ақпараты бойынша, 2020 жылғы 3 ақпаннан бастап барлық халықаралық ұшулар, ал 2020 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында тұрақты ішкі авиарейстерді орындау 99%-ға қысқартылды. Әрине, бұл жағдай жолаушылар ағынының санына кері әсерін тигізді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ішінде 5,5 млн адам тасымалданды, бұл 2019 жылдың мәнінен 36% - ға аз (8,6 млн жолаушы). Сонымен қатар, әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 40%, яғни 10,7 млн адамға төмендеді.
Қазіргі уақытта ішкі рейстер аптасына 574 рейспен 47 маршрут бойынша орындалады (COVID-19 пандемиясына дейін 540 рейс жиілікпен 45 маршрут орындалған).
«Алдын ала мәліметтер бойынша, осы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық авиатасымалдаушылар 12 млрд теңгеден айырылды. Ең көп шығын шеккен — «Эйр Астана» АҚ – 4,5 млрд теңге. Одан кейін — «Скат» АҚ — 6,3 млрд теңге, «Qazaq Air» АҚ — 847 млн теңге, «Южное небо» АҚ — 64,8 млн теңге, «Жетісу» АҚ — 270 млн теңге, «Жезқазған Эйр» АҚ – 44 млн теңге, - деп толықтырды ведомстводан.
2824