ruenkz

Түркістан іздестіру және құтқару ауданында үйлестіру жаттығулары өткізілді

Салынған уақыты 23.04.2021 14:19

Бүгін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен іздестіру-құтқару операцияларын (жұмыстарын) ұйымдастыру және жүргізу бойынша үйлестіру жаттығуларын өткізді. Оқу-жаттығуға Түркістан іздестіру және құтқару ауданында кезекшілікті жүзеге асыратын «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы мен өкілдері, «Казаэронавигация» РМК Шымкент филиалының іздестіру және құтқару үйлестіру орталығы мен әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі, Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері» ММ жедел-құтқару жасағының күштері мен құралдары (құтқарушылар), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Апаттар медицинасы орталығы» ММ филиалы (медицина қызметкерлері), Шымкент қаласы әуеайлағының авариялық-құтқару командасы қатысты.
Оқу-жаттығу барысында жоғарыда көрсетілген аталған қызметтер іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу кезінде өзара әрекеттесу әдісін, апатқа ұшыраған әуе кемесін іздеу әдістерін, іздестіру-құтқару әуе кемесін қону алаңдарын таңдауды және оқиға орнынан зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтады. Оқу-жаттығу өткізу үшін «Қазавиақұтқару» АҚ кезекші EC-145 тікұшағы борттағы құтқарушылар мен медицина қызметкерлерімен бірге жұмылдырылды.

142