ruenkz

Airbus Beluga ұшақтарын биоотынға ауыстырмақшы

Салынған уақыты 23.04.2021 08:45

Қызметті декарбонизациялау бойынша  амбициясын жүзеге асырмақшы болған Airbus сыйымдылығы өте үлкен Beluga арнайы жүк ұшақтарын биоотынмен толтыра бастады деп хабарлайды ATO жаңалықтар порталы.

«Біз коммерциялық рейстерді орындау үшін 100% экологиялық таза отынды пайдалану әлеуетін зерттеумен қатар, бұл жәйт өнеркәсіптік өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға және авиация саласының тұрақты дамуына ықпал етуге деген Airbus-тың ұмтылысын көрсетеді», — деді Airbus экологиялық авиациялық отын жобасының жетекшісі Тони Дерьен.

Қазіргі уақытта коммерциялық рейстерді орындау үшін 50% экологиялық таза авиаотын мен керосиннің қоспасын пайдалануға рұқсат етілген. Beluga паркі пайдаланатын жаңартылатын биоотын өсімдік майы сияқты экологиялық таза шикізаттан жасалған және Airbus үшін оны Air BP компаниясы жеткізеді.

2751