ruenkz

Air France-KLM 4 миллиард еуроға дейін капиталдандыруды жүзеге асырады

Салынған уақыты 02.06.2021 10:20

Франко-голландтық Air France-KLM мемлекеттік қарыз бен қосымша эмиссияны айырбастау есебінен 4 млрд еуроға (4,7 млрд доллар) капиталдандырылады. Авиакомпанияның баспасөз хабарламасында айтылғандай, өткен жылы Франция Үкіметінен алған 3 млрд еуро мөлшерндегі несие мерзімсіз гибридтік облигацияларға айырбасталатын болады деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Бұдан басқа, Air France-KLM 1 млрд еуроға дейінгі сомаға жаңа акциялар шығарады. Қазіргі уақытта авиакомпания акцияларының 14,2% иелік ететін француз билігі капиталды өсіруге қатысады және өз үлесін 30%-ға дейін арттыруы мүмкін. China Eastern Airlines жаңа акцияларды сатып алуды жоспарлап отыр, бірақ өз үлесін 10% төмен мөлшерде сақтайды. Air France-KLM-дегі үлесі 14% құрайтын Нидерланды Үкіметі авиатасымалдаушының капиталын ұлғайтуға қатыспайды.

Air France-KLM Директорлар кеңесі, Нидерланды Үкіметі және Еуропалық комиссия (ЕК) авиакомпанияны капиталдандыру жоспарын мақұлдады. Нидерланды билігі KLM капиталын ұлғайту жөніндегі ықтимал шараларды ЕК-мен талқылауда. Францияның экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің айтуынша, Air France Париждің Orly әуежайындағы 18 слоттан бас тартады, сонымен қатар ол «әуе тасымалының қалыпты деңгейіне» оралу 2024 жылдан ерте күтілмейтінін атап өтті.

 

2707