Emirates авиакомпаниясы коронавирустық вакцинаны жарнамалау үшін ұшақтың ливреясын өзгертті
Салынған уақыты 22.04.2021 09:28
Дубайлық Emirates авиакомпаниясы коронавирустық вакцинаны жарнамалау үшін өзінің алып Airbus A380 лайнерлерінің бірінің сыртқы түрін өзгертті. Ұшақ фюзеляжының екі жағына жасыл нүкте қойылып, араб және ағылшын тілдерінде «вакцинация» деген жазу жазылды деп хабарлайды avianews порталы.
10 сәуірде әуе кемесі бағыты белгісіз EK2021 арнайы рейсін орындады. Оның бортында коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткен 400 жолаушы болған. Ұшақ Дубайдан ұшып шығып, бірнеше сағат бойы БАӘ әртүрлі аудандарын аралап, содан кейін қайта Дубайға оралды. Жерде және аспанда жолаушыларға коронавирус вакцинасын алған Emirates қызметкерлері қызмет көрсетті. Ұшу алдында барлық жолаушылардың қосымша қауіпсіздігі үшін олар көптеген елдерде ауруды диагностикалаудың негізгі құралы болып отырған ПТР әдісімен COVID-19-ға тексерілді.
EK2021 рейсінің көмегімен Emirates авиакомпаниясы БАӘ авиациясы жаңа жағдайларда қауіпсіз рейстерді қайта бастауға дайын екенін көрсеткісі келді. Қазіргі уақытта елде БАӘ азаматтары мен тұрақты тұрғындары үшін коронавирустық вакцинаның 9 миллион дозасы қолданылды. Мемлекет тұрғындарының саны 9,8 млн адамды құрайды.
1941